Ыстық тамақ » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Доланалы орта мектебі

"Жетісу облысы білім басқармасы Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Доланалы негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 897515
Есепші бөлімі:
+7(7024768017
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
март
2020

Ыстық тамақ

Доланалы негізгі мектебі асханасындағы тамақтандыру барысының ІII жарты жылдық есебі

Оқушыларды тамақтандыру мен санитарлық - гигиеналық режимді талдау.

Тамақтандыруды ұйымдастыру.

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз.

Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен айналысу қажеттілігі бірқатар маңызды себептерге негізделеді:

адам денсаулығының іргетасы бала жасынан қалыптасады, сәйкесінше, денсаулық сақтау бойынша әдеттері мен дағдыларын, денсаулыққа құндылықты қатынастарын аталмыш кезеңде қалыптастыруды бастаудың мақсаттылығы жоғары;
осы жаста салауатты өмір салты негіздері бала арнайы жобаланатын қызмет барысында меңгеретін нормалар мен ережелер жинағы ретінде қалыптасады;
адам дамуындағы мектептегі кезең адам ағзасының даму ерекшеліктері туралы, денсаулықты сақтау мен дамыту әдістері мен факторлары туралы негізгі білімді қалыптастыру үшін сезімтал болып табылады.

Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отырады. Тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістер ұйымдастырылады.

Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру және сапасын бақылау комиссиясы өндірістік қадағалауды ұйымдастырады.

Өндірістік бақылау міндеттері:

қосалқы құжаттардың рәсімделу дұрыстығы,
тағам өнімдерінің таңбалану дұрыстығы;
өнімдер сапасы мен қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштері;
асхана блогындағы сәйкес құжаттамаларды жүргізу толықтығы,
дұрыстығы және рәсімделуі;
шикізат пен дайын өнімнің тоғыспалы арналарының болуы;
ыдыстарды жуу сапасы;
тағамдарды сақтау шарттары мен мерзімі;
тоңазытқыш пен технологиялық құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуі;
жеке гигиенаның сақталуын және қажетті тексерістерден уақытылы өтуді қадағалау;
залалсыздандыру шаралары және т.б.


Күн сайын жеткізілген өнімдердің, дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізілген. Жеткізілген шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалану бақылауға алынған.
Мектепте екі бракераж журналы жүргізіледі. Бракераж комиссиясы жұмысындағы міндеттерінің бірі тамақтануды санитария мен гигиенаның барлық нормаларын орындай отырып ұйымдастырылады, сонымен қатар, оқушыларды тамақтандыруға қойылатын талаптарды сақтау болып табылады. Бракераж комиссиясы мектеп әкімшілігі мен мектептік-базалық тамақтандыру комбинаты арасындағы байланыстырушы болып отырады. Комиссия жұмысының міндеттеріне салауатты өмір салтын насихаттау, технологиялық құрылғылардың дұрыс жұмысын қадағалау да жатады.


Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.

Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асхана жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар жүргізіледі.

Похожие публикации:

25 февраль 2020 Ыстық тамақ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив