1 СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Доланалы орта мектебі

"Жетісу облысы білім басқармасы Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Доланалы негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 897515
Есепші бөлімі:
+7(7024768017
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
июль
2020

1 СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 1 маусымнан басталады

Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz "электронды үкімет" порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр.

1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3/1 қағидаты бойынша) қабылданады.

20 маусым мен 25 тамыз аралығында колледждерге құжаттар қабылданады. Биыл қабылдау емтихандары өткізілмейді, конкурс аттестаттың міндетті және бейінді пәндерінің жиынтық балы бойынша жүргізіледі. Педагогикалық, медициналық және шығариашылық мамандықтар үшін арнайы конкурстар өткізіледі.

19-20 шілде аралығында мемлекеттік білім гранттары конкурсына құжаттарды қабылдау басталады.
1 сыныпқа құжаттар тізімі:

1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш;

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны);

4) 3 x 4 көлеміндегі фото – 2 дана.


Баланы бірінші сыныпқа тіркеу оңай бола бастады. Енді ата-аналар үйден шықпай-ақ бірінші сыныпқа балаларын онлайн түрде тіркей алады. Жаздың басталуымен «Mektep Pavlodar» цифрлық жобасы іскеқосылды. «Бұл жоба білім беру ұйымына 1 сыныпқа балаларды автоматтандырылған түрде тіркеу болып табылады. Енді ата-аналар өтінішті электронды түрде бере алады, білім беру ұйымына қабылдау үшін керекті құжаттарды беруді жүзеге асыра алады, білім беру ұйымын және сыныпты таңдауға және оқыту тілімен танысуға мүмкіндіктері бар. Өтінішті қарау нәтижесін ата-аналар ұялы телефонға жеткізілетін PUSH-хабарландыру арқылы біле алады», - деп баяндады Павлодар қаласының білім беру бөлімі.


Уақытты үнемдеу - электрондық жүйенің басты артықшылығы. Сонымен қатар цифрлық формат барлық іс-әрекеттердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Әркім бірінші сыныпқа баласын өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта, үйден немесе кеңседен компьютер, ноутбук, планшет немесе тіпті ұялы телефон арқылы тіркей алады.
«Қызмет көрсету мерзімі: өтініш пен құжаттар топтамасын қызмет берушіге тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде push-хабарландырукеледі. 1 сыныпқа қабылдау мерзімі: 1 маусымнан 30 тамызға дейін», - деп атап өтті Павлодар қаласының білім беру бөлімі.
Сонымен қатар балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1) ата-анасының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтаманың (форма 026/у-3) электрондық көшірмесі;
4) 3х4көлеміндегі цифрлық фотосурет;
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі (қажет болған жағдайда).
Айта кететін жайт, бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептер білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив